• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Министрліктің алқа отырысы

291 рет
көрсетілді

Кеше Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен ми­нистр­ліктің орталық аппара­ты­ның, өңірлік ішкі істер де­пар­таменттерінің, ве­дом­с­тво­лық оқу орындарының бас­шылық құрамы қатыс­қан алқа отырысы өтті. Отырыста ішкі істер ор­ган­дарының 2015 жылдың 9 айын­дағы жедел-қызметтік жұ­мыс қорытындысы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының жер­гі­лікті полиция қызметін құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша шаралар қаралды. Соған сәйкес жергілікті полиция қызметінің бөліністерін құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері ортаға салынды. Бұдан басқа 2015-2017 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламаны іске асыру барысы талқыланып, жедел-қызметтік жұмыстың кемшіліктерін жою және жандандыру, ұрлықтың алдын алу және ашу тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау міндеттелді. Сонымен қатар, алқа барысында, тәрбие жұмысын жетілдіруге, ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін арттыруға, жеке құ­рам арасында қатаң тәртіпті қамта­масыз етуге, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге назар аударылды. Алқа отырысының қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департамент басшыларына нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.