• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Грузиндер тауар айналымына дайын

436 рет
көрсетілді

Оңтүстік – аграрлы өңір. Ала жаздай кетпені күнге жарқырап егістік алқабында жүрген ди­қан қо­ңыр күзде еңбегінің бере­кесін күтеді. Қырық градус ап­тап­тың астында жүріп өсірген өні­мінен кейде шығынға шығып, шақ­шадай басы шарадай болып жататыны да бар. Себебі, өндірген тауарын алушы аз. Егістік басына барып, екі қолын бір-біріне соғып көрмеген делдалдың тауарын жарты бағасына сұрап қарадай күйдіретіні және бар. Мұндайда тығырықтан облыс әкімдігі шығарады. Оңтүстікке түрлі мемлекеттерден елшілер ке­­ліп жатады. Екі жаққа да тиім­­­ді тұстарды айқындап, кә­сіп­кер­­лердің басын қосады. Жақында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Грузия­ның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Зураб Патарадзені қабыл­дады. Басқосуда екі жаққа да тиімді жобалар талқыланды. Об­лыс басшысы Оң­түс­тіктің түрлі саладағы мүмкіндіктерін таратып айтып, егер грузин кәсіпкерлері инвестиция салуға ниет білдірсе, екі мемлекетке де пайдасы бола­тындығын жеткізді. Негізінен тау-тасты өңірде тұ­ратын Грузияға аграрлы Оңтүс­тікпен іскерлік байланыста болу тиім­­­дірек. Бұл жайында елші өз ойын білдірді. «Өздеріңізге белгілі, Грузия мен Қазақстан, оның ішінде, Оң­­түс­­тік Қазақстан облысы аг­рарлы ай­­мақ ретінде танымал өлке­лер. Сондықтан, біздің тарап Қазақстанмен арадағы тауар айналымының ар­туына қы­зығушылық танытып отыр. Гру­зия­ның өнімдері Қазақстанға экс­портталып, сәйкесінше, қазақ­­с­тандық тауарлардың Грузияда импортталуы­на біз дайын­быз», – деді З.Патарадзе. Зураб Патарадзе жуық ара­да Астанада өтетін ауыл­­шаруа­шылық көрмесіне грузин кәсіпкерлерінің келетіндігін, бұл сапар қазақ-грузин ынты­мақ­тас­ты­ғын одан әрі нығай­та­тындығын, екі жаққа да тиімді жо­ба­ларда бірлесіп жұмыс жасай­тындықтарын мәлімдеді. Мұндай пайдалы кездесулер облыс ауыл шаруа­шы­лығының кеңірек қанат жаюына жаңа сер­пін бермек.  Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.