• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Конференция жемқорлықты ауыздықтау мәселесін талқылады

254 рет
көрсетілді

Грузияның Батуми қаласында «Жемқорлықпен күрес және кәсіби тұтастық: аймақтық хаб елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелері» деген тақырыпта халықаралық конференция болып өтті. Шараны Грузия мемлекеттік қызмет бюросының қолдауымен Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласының аймақтық хабы ұйымдастырды. Конференцияға аймақтың 9 елінің өкілдері, жемқорлықпен күрес саласының сарапшылары мен мамандары, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Ермұ­хамбет Ертісбаев бастаған дипломатия қызметкерлері қатысты. Жиында көтеріліп отырған тақы­рып бүгінгі таңда күллі әлем­де өте бір өткір мәселе болып саналады. Оның өзектілігі жем­қорлыққа қарсы күреске қазіргі күндері жаһандағы барлық мем­лекеттердің айрықша мән бере бас­тағанынан көрініп отыр. Мұн­да хабтың қатысушы елдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің бұл мәселедегі барынша актуальді проблемаларын анықтау мақсатында жүргізген екі базалық зерттеу жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Осылайша, жемқор­лық мәселелеріне зерттеу жүргізу конференцияға қатысушы елдер­дің басым көпшілігінің қызы­ғушылығын туғызды. Басқосуда ПРООН-ның жемқорлыққа қарсы күресінің институттық аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелеріне сәйкес, бұл келеңсіз құбылыстардың қалай және қай жүйелерде көбірек көрініс табатыны айқындалды. Онда сондай-ақ, бұлардың алдын алу мен жою жолдары қарастырылды. Астана хабы басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің атап көрсеткеніндей, бұл ретте Грузияда соңғы жылдары қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан озық тәжірибелер назар аударуға әбден тұрады. Елде салаға жаңа кадрлар тарту, мемлекеттің рөліне шектеу салу, мәселені шешудің стандарттан тыс тәсілдерін енгізу, халықаралық тәжірибелерді жергілікті жағдайға бейімдеу, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да факторларды осы жүйедегі стратегиялық мақсаттарға пайдалану біршама табысты қолға алынып, олар жемқорлыққа қарсы күресті аймақта мейлінше ұтымды жүргізуге септігін тигізіп келеді. Мұның өзі Грузияның тәжірибесін алуға негіз бола алады. Конференция шеңберінде сондай-ақ хабтың «Грузия полициясы жүйесінің жем­қорлыққа қарсы шаралары» тақы­рыбындағы тапсырысы бойынша орындалған жұмыс талқылауға ұсынылды. Руслан ИГІЛІК.