• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайланды

640 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 16 қазан. Украина – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайланды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының мәжілісінде қатысып отырған 192 елдің 172-інің дауыс беруімен осындай шешім қабылданды. Санақ кезінде 14 делегаттың қалыс қалып, бір бюллетеннің жарамсыз қалғаны жарияланды. Украина құзырлы жаңа міндетіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі. Атап өтетін жайт, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесіне әлемнің 15 елі мүше. Ветоға құқы бар бес мемлекеттен – Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франциядан тыс өзге елдер жыл сайын жаңарып тұрады. Талғат Сүйінбай. Дерек: ВВС. Сурет: АР.  
Соңғы жаңалықтар