• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2010

“Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылаймыз

897 рет
көрсетілді

Алғашқы көмек жүйесін жетілдіру — бүгінгі күннің басты міндеті

1978 жылы қабылданған меди­циналық-санитарлық алғашқы кө­мек (МСАК) жөніндегі Алматы дек­ларациясының жарияланғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Дек­ларацияда жетістіктерге ұмтылу, әл­еу­меттік әділдік пен бүкіл ха­лықтың барынша жоғарғы дең­гей­дегі денсаулыққа құқығы, қатысуы және ынтымақтастық нақты көрсетілген. Алайда, бұл жылдары денсау­­лық сақтау саласында айтарлықтай өз­герістер болса да, Декларация не­гізіндегі құндылықтар өзгеріссіз қалды. Бұл ретте қағидаттар толық сақталмағандығын естен шығар­ма­ған жөн. Қазіргі таңда өзгеріп жат­қан әлемнің талабына жауап бере отырып және қолжетімді медици­налық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етудегі күтілетін нәти­желерге сәйкес бола отырып, Ден­саулық сақтау министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасында ден­саулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Са­ла­матты Қазақстан” мемлекеттік бағ­­дарламасының жобасында МСАК жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары қайта қаралды, әлеуметтік қызмет­керлердің институтын енгізу жос­парлануда. Бұл мәселелерді та­л­қылау әртүрлі деңгейде: дәрігерлер, денсаулық сақтауды ұйымдасты­рушылар, қаржыгерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері арасында жүргізілуде. Әрине, қанша адам болса, сонша пікір айтылады. Алайда, денсаулық сақтау секто­рында жұмыс істейтін әрбір маман бұл жүйенің іргетасы – оның бастапқы буыны болып табылатын МСАК екенін біледі. Ол денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа бағдарламаның негізгі мақ­саты – Бірыңғай ұлттық ден­саулық сақтау жүйесінде медици­налық көмекті ұйымдастыру, бас­қару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Негізгі алты бағыт ретінде мыналар ұсы­нылады: профилактикалық іс-ша­раларды күшейтуге, скринингтік зерттеулерге және саламатты өмір салтын ынталандыруға екпін жа­сала отырып, негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың деңгейін төмен­дету және халық денсаулығын одан әрі нығайту; санитарлық-эпи­де­миологиялық қызметті жетілдіру; пациенттерді диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың халықаралық стандарттарын енгізе отырып, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде медици­на­лық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, азаматтардың өз денсаулығына ынтымақтасқан жауапкершілігін күшейту. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті кадрларды да­ярлау және қайта даярлау жөніндегі халықаралық стандарттарды кезең-кезеңмен енгізу арқылы меди­ци­налық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, сонымен бірге меди­ци­нада инновациялық техноло­гия­ларды дамыту және енгізу; ха­лықтың сапалы дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық дәрілік заттарды өн­діруді дамытуға ықпал ету. Бағ­дарламада азаматтардың денсаулы­ғын сақтау мәселесі бойынша сек­тораралық және ведомствоаралық іс-қимылдарды күшейтуге ерекше назар аударылады. Қалалық және ауылдық денсаулық сақтау дең­гейінде МСАК құрылымына түсі­ніктеме берілді. Бағдарламада денсаулық сақ­тау­ды ұйымдастырушыларды толған­ды­ратын өте күрделі мәселелер қозға­лады. Бұлар: елдің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыт­тарын барынша жақсы келісу; жүйені қаржыландыруды қамта­масыз ету және тұрақтандыру, ден­саулық сақтау жүйесін нығайту, оны тиімді, нысаналы ету жолдары, сондай-ақ медицина қызмет­кер­лерінің әлеуметтік статусы, құ­зы­реті мен уәждемесі және халықтың саламатты өмір салтын ұстануы және аурулардың профилактикасы мә­селелеріндегі ынтымақтасқан жау­апкершілігі сияқты басқа да проб­лемалар. Республикада осы проблема­ларды шешуге негіз бар және мы­надай үйлесімді кешенді жұмыстар жүргізілді: “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі ту­ралы” Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды; стационарлық және стационарды алмастыратын көмек деңгейінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесі енгі­зілді; дәрілік заттардың бірыңғай дистрибуция жүйесі енгізілді; медициналық ұйымдардың желісін үлгілендіру мен стандарттау жүр­гізілді; мемлекеттік нормативтер бекітілді. Кадрларды даярлау мен қайта даярлау жөніндегі халық­аралық стандарттар енгізілді. Бұдан басқа, бағдарламада бастапқы және мамандандырылған кө­мектің арасында қаржы ресурс­тарын ұтымды бөлу негізделе оты­рып, МСАК-тың әлеуметтік бағ­дарланған үлгісі, жалпы дәрігерлік практиканы, саламатты өмір салты жөнінде, халықпен, әсіресе жас­тар­мен және егде жастағы адамдармен жұмыс бойынша жаңа нысандар мен технологияларды дамыту ұсы­нылған. Жұмыстың осы бөлімі бір­қатар нормативтік құжаттарды, оның ішінде МСАК-ты қаржы­ландыру мәселесі бойынша қайта қарауды талап етуі сөзсіз. Денсаулық сақтауды дамыту жө­ніндегі мемлекеттік бағдар­ла­маның жобасында дипломдық және дип­­лом­нан кейінгі деңгейлердегі ме­ди­цина мамандарын даярлауға тұтас бө­лім бөлінген, медицина кадр­ла­рының білімі мен дағды­­ларын ба­ғалау орталықтарын құру көзделген. Жалпы, мемлекеттік бағдарла­ма, сөзсіз, Қазақстан Республи­касының денсаулық сақтау жүйесін дамы­ту­дың негізгі кезеңдерін көрсететін бо­лады. Мұның барлығы ел аза­маттарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуға, әлеу­меттік қорғалуын нығайтуға, қазақ­стан­дықтардың өмір сүру ұзақ­ты­ғын ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қарлығаш ӘЛИХАНОВА, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің   кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

* * *

Әлі де нақтылау қажет Кез келген саладағы ре­фор­ма күтілмеген нәтижелер тәуе­келіне келіп тірелетіні айқын. Алайда, Қазақстан Республи­ка­сында денсаулық сақтау сала­сын дамытудың 2011-2015 жыл­дарға арналған “Саламатты Қа­зақстан” мемлекеттік бағдарла­масы мұндай тәуекелге тап болмайды. Өйткені, бұл жобаны жасаған Қазақстан Республи­ка­сының Денсаулық сақтау ми­нистрлігі алда тұрған аса ау­қым­­ды жұмыстың мақсатын, мін­детін, бағыт-бағдарын нақты айқындаған. Бұл бағдар­ламада елдегі қазіргі экономи­калық ахуал мен денсаулық сақтау саласында шешімін күтетін проблемаларға үлкен мән берілген. Атап айтқанда, саланы басқаруды жетілдіру, медициналық және фармацев­ти­калық білім берудің тиімді­лігін арттыру, инновациялық технологияларды жасау мен енгізуге бағытталған ғылымды дамыту және тағы басқа да мә­селелер қамтылған. Бағдарла­мада оны тиімді жүзеге асыруға ықпал жасайтын механизмдер нақты көрініс тапқан. Бұл құжатта денсаулық сақтау са­ласы мемлекеттің ұлттық эко­номикалық доктринасының бір бөлшегі екені айрықша атап көрсетілген. Демек, денсаулық сақтау саласы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Даму стра­тегия­лық жоспарын іске асырудың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылып, Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, елдің стратегиялық мақсатта табысқа жетуінің басты кепілі болмақ. Бұл жәйт практик дәрігерлер мен халық тарапынан қолдау тауып, сан-алуан меншік түрінің дамуы мен медициналық қызметтің өркениетті рыногын құруға мүмкіндік жасайды. Алайда, заңды сұрақ туды­ратын кейбір тұстарға көңіл аударуды жөн көріп отырмын. Мәселен, репродуктивті ден­сау­­лық сақтаудың жинақталған көкейкесті мәселелері, жұқпалы емес сырқаттардың профилак­ти­касы жөніндегі қызметті же­тілдірудің шешілмеген мәселе­лері, санитарлық-эпидемио­логиялық сараптамалардың сапасы мен жеделдігін арттыру қажеттілігі, экономикалық ахуал­дың нашарлығы бірқатар өткір жәйттерді алға шығарып отыр. Менің ойымша, бұл проблемаларды шешудің нақ­тыланған әдіс-тәсілдерін атап көрсету бағдарламаның мән-маңызын арттыра түсуі тиіс. Сонымен қатар, сектораралық және ведомствоаралық әріп­тес­тік механизмі жайлы да осындай ойды айтуға болады. Бағдарламада халық және са­лалық министрліктер тара­пы­нан саламатты өмір салтын ұстануға деген жауапкершілікті арттыру көзделуі қажет. Бы­лай­ша айтқанда, спорттық ба­за­лардың нормативтік саны, қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларды реттеу, ауызсумен, тамақпен қамту – мемлекеттік қамқорлыққа алынатын басты мәселелер болуы тиіс. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың “Сала­матты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы отандық денсау­лық сақтау саласын әлемдік стандартқа сай келген жаңа сапалық көрсеткіштерге жете­лейтін аса маңызды әрі дер кезінде ұсынылып отырған басты құжат деп есептеймін. М.БИҒАЛИЕВ,  “Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы” МКҚК бас дәрігері.