• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Заманымыздың бағдаршамы

727 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні әлемнің үл­кен өз­ге­­ріс­тер қарса­ңында тұрған­дығы баршамызға мәлім. Бұл жаһан­дық өзгерістердің Қазақ­стан Республикасына да әсер ететіндігі анық. Осындай кезең­дерде біз, қазақстандықтар, сая­си әлем төрінде Мәңгілік Ел жолында еңбек етіп келе жатқан мемлекетіміздің дәрежесін, хал­қымыздың татулығы мен жасам­­паздығын сақтауымыз қажет. Биылғы өткен президент­тік сайлау осының жарқын айғағы болып, оның негізін, халықтың бейбітшілігі мен елдің тыныштығын, тұрақтылығын арттырды. Себебі, сол дүрбе­леңдерден бізді лайықты көш­басшы алып шыға алады. Қаздауысты Қазыбек атамыз: «Біз қазақ деген елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз…» – деп бекер айтпаса керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің жаңа дәуірдегі мемлекетіміздің бүкіл мақсат-мүдделерін, өсіп-­ өркен­деуін тереңнен әрі кеңінен толғай­тын саясаткер екен­дігі ақиқат. Индустриялық-инновация­лық сипаты басым бүгінгі заман­да көшбасшының прагмати­калық, диплома­тиялық, жан-жақты дамығандығы мен көрегендік саясаты, болашақты дәл жоспарлай алу қабілеті осы тұлғаның бойында бар деп нық айта аламын. «Нұрсұлтан Назарбаев – саяси философия мен саяси экономиканың көптеген жетістіктерін терең меңгеріп, қайта қорытқан адам», – деп Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин жазғандай, жаңа дәуірдегі Қазақ мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт әрі жасампаздық жолымен өз елін дамыту, оның әлеуетін көтеру арқылы әлем сахнасына шығуға болатындығын дәлелдеді. Ел­басы ұлық­тау рәсімінде паш етіл­ген «Қазақстанның экономи­калық ғажабы» – осының айқын мысалы. Нұрсұлтан Әбішұлы­ның Шығыс пен Батыстың тоғыс­­қан торабында орналасқан елі­мізді дамытуда  қазақтың байы­р­­ғыдан келе жатқан дәс­тү­рін әлем мәдениетімен ұштас­тырып, халқымыздың мемлекет басқарудағы ғасырлар бойғы үлгі­сін жандандырып, жаңа сер­пін мен келбет беруінен бас­шы­ның прагматикалық тәжі­рибесі жарқын көрініс тапқан. Саяси дүрбелеңдер кезеңінде «Назарбаев формуласының», «Назарбаев феноменінің» әлем көлемінде «Тэтчеризм» мен Рональд Рейган, Франклин Руз­вельт, Ли Куан Ю сынды тұлға­лардың саясатымен қатар тұ­руы – бүкіл қазақ, Қазақстан жұрты үшін зор мақтаныш. Әз Тәуке хан кезінде: «Лайықты басшының міндеті – көш басында ту алып жүру, ал халқының міндеті – сол ту артынан еру», – деп айтып кетіпті. Сондықтан осындай сара саясаткерлікті ұстанатын Елбасының соңынан кеудемізге асқақ сезім ұялатып, еңсемізді тік ұстап еру үлкен бақыт деп санаймын. «Қазақстан және Назарбаев – мемлекет пен оның лидері деген түсініктер», – деген қағидалы ой бұл күнде аксиомаға айналған. Себебі, Мемлекет басшысы – халқымыздың әлем төріндегі айнасы. Көшбасшының сөзі – оның халқының сөзі, шешімі – халық ілтипаты. Бүгінгі күні толеранттылық ХХІ ғасырдың басты фактор­ларының бірі десек болар. Толе­ранттылық – өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиеттің тұтас халықтың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі, оның халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығы кемелденгенінің айқын көрінісі екендігі анық. Осы тұрғыдан қарасақ, Қазақстандағы қоғам­дық қарым-қатынастар Елба­сының жарқын саясаты мен халық­­тың оны қолдауының нәти­­жесінде жоғары дәрежеге көте­ріл­генін нық айта аламыз. Мемлекет басшысы ұсын­ған «Қазақстан-2050» Страте­гиясы, «Нұрлы Жол» мен «Бес халықтық реформа» сынды бағ­дар­ламалардың барлығы да, сөзсіз, елдің кемел болашағы жолында жариялануда. Менің ойымша, болашақты қазір болжап, оған еңбек арқылы ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады. Дана халқымыз: «Хан – бі­реу, халық – тіреу», – деген на­қыл­ды бекер айтпаған. Біз барша­мыз бір болып, заманымыздың бағдаршамы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­мен болашаққа нұрлы қадам жасап жатқанымыз қандай ғани­­бет. Елбасына мықты ден­саулық, ырыс-құт тілеймін. Респуб­лика­мыздың жарқын игілігі жо­лын­дағы мәртебелі қызметі табысты әрі берекелі болғай. Рүстем КЕНЖЕБЕКОВ, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушысы, «Жас Ұлан» РББЖҰ-ның Алматы қаласы бойынша ұланбасшысы. АЛМАТЫ.