• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Қарағандыны қоқыстан тазартпақшы

368 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 16 қазан. Қарағандыда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша қоқыс тасуға және оны жоюға арналған 20-дан астам техника түрлері сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшіс хабарлады. 2015 жылы өңірлік үйлестіру кеңесі «ГорКомТранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің субсидия бойынша жалпы құны 246 миллион теңге болатын 28 бірлік арнайы техника алу туралы жобасын мақұлдаған болатын. Күл-қоқыстан тазарту және оны жою қызметін көрсететін «ГорКомТранс» серіктестігі директорының міндетін атқарушы А. Омарованың айтуынша, қыркүйек айында 24 машина жеткізілген. Қалғаны қараша айында әкелінуі тиіс. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.