• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Таразда спортшылар мен «қиын топтағы» балалардың кездесуі өтті (фото)

420 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 16 қазан. Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ішкі істер органдарында және орта мектептердің ішкі есебінде тұрған «қиын топтағы» кәмелеттік жасқа толмаған балалардың атақты спортшылар және спорт ардагерлерімен кездесуі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жамбыл облыстық спорт басқармасына 2015 жылдың жаңа оқу жылында ішкі істер органдарында есепте тұрған қиын топтағы 225 бала бөлініп берілген. Ол балалардың 150-і аудандық спорт бөлімдеріне, 75 бала қаладағы 7 спорт мектебіне орналастырылды. Қазіргі таңда 30-дан аса бала қаладағы спорт мектептерінде футбол, бокс, таэквондо, қол күресі, жүзу, велоспорт, еркін күрес, грек-рим, самбо, қазақ күресі, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерінен секцияларға қатысуда. Әр бала белгіленген спорт түрі бойынша жаттықтырушыларға жүктеліп, сол балалармен жұмыстар жүргізілуде. Кездесуде облыстың атақты спортшыларының қатарындағы армрестлингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы Дмитрий Трубин, жүзуден бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Габидуллина Зульфия, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы Тұрсынәлі Алдияр, самбодан 4 дүркін әлем чемпионы Мусабеков Алмас, спорт ардагері Лобанова Мария спорттағы жетістіктері жайлы әңгіме қозғады. Кездесу барысында балаларға спортпен айналысу арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатындығы түсіндірілді. Спортшылармен кездесу аяқталғаннан кейін балаларға «Тараз-Арена» спорт сарайымен таныстыру жүргізілді. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz.