• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Елшімен кездесті

239 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі Төра­ға­сының орынбасары Сергей Дья­ченко Қазақстандағы елшілік қыз­метін аяқтайтын Польшаның Тө­тенше және өкілетті елшісі Яцек Ключковскимен кездесті, деп ха­барлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Вице-спикер жыл санап қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда елшінің айрықша рөл атқарғанын атап өтті. Яцек Ключковскидің өз миссиясын атқарған 4,5 жыл ішінде, әсіресе, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарды дамытуға айрықша үлес қосқанына тоқталып, ризашылық сезімін білдірді. Өз кезегінде дипломат экономикалық салаға баса назар аударып, қос мемлекет арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өскенін, бірқатар салалар бойынша экспорт көлемінің де артқанын сөз етті. Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Польша парламенттері арасындағы байланысты нығайтуға да  ерекше көңіл бөлінгенін айта келіп, алдағы уақытта да барлық салада екі ел ықпалдастығының белсенді жалғасатынына сенім білдірді.