• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Жамбылда қан-тамыр хирургтарының симпозиумы өтіп жатыр

253 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 16 қазан. Тараз қаласында Қазақстан кардиохирургтарының IV конгресі мен қан-тамыр хирургтарының І сипмпозиумы өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС ұйымдастырып отырған бұл іс-шарада Түркия, Қытай мен Австрияның жетекші мамандарының қатысуымен шеберлік сыныбын өткізу жоспарланып отыр. Осы күндері миниинвазивті әдісін, соның ішінде торакоскопиялық технологияларды қолдана отырып жүрекке 4 ота, бүйрек артериясының денервациясы «Medtronic» фирмасының соңғы үлгідегі жаңа электордтарын пайдалана отырып 3 операция жасалады. Сондай-ақ 11 дәріс оқылып, 42 баяндама талқыланады. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: dknews.kz.