Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алда болатын жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Халық қалаулылары назарына мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда ұсынылады. Сондай-ақ, палата бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды. Олар: ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы және Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау.
Осы күні мәжілісмендер экологиялық мәселелер бойынша түзетулерге қатысты және Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялауға байланысты жаңа заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.