АТЫРАУ. 13 қазан. Атырау облысының полицейлері «Контрафакт» жедел алдын алу шарасында заңсыз сауда айналымынан DVD түріндегі дискіні тәркілеп, зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Шара барысында полиция қызметкерлері жасырын түрде пайдалану үшін аудио-бейне камерасы орнатылған сағат сатып тұрған азамат анықталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді. Сонымен қатар, порнографиялық белгілері бар 12 фильм жазылған 1 DVD дискіні сатып тұрған атыраулық тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек 24 жастағы азаматтан 22 дана контрафактілі дискілер табылды. Тағы бір азамат дәл сондай 12 дискіні саудалау кезінде тәркіленді. Бұлардың үстінен Қылмыстық кодекстің 198-бабымен қылмыстық іс қозғалып, олардың контрафактілі дискілерді қайдан алғаны тексерілуде. Криминалды полицияның жедел қызметкерлері зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады. Олардың ішінде контрафактілі тауарларды заңсыз тарату, DVD дискілерді сату бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан 100-ден астам DVD дискіні тәркіледі», – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: timeskz.kz.