• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2015

Алматы қаласы әкімінің екі орынбасары жаңадан тағайындалды

312 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 16 қазан. Қала әкімінің жаңа орынбасарлары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Олар қызметінен босатылған Зәуреш Аманжолова мен Марат Құдашовтың орынын алмастырды. Арман Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау мен білім, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа салаларға, ал Әсел Жүнісова экономикаға, бюджеттік жоспарлау мен қаражат мәселесін басшылық жасайды Олардың екеуі де бұрын «Нұр Отан» партиясында белсенді қызметтер атқарған. Бүгін ғана қала әкімінің қызметінен босаған тағы бір орынбасары Юрий Ильин «Астана ЭКСПО-2017» ұлтық компаниясына қызметке барады деген сыбыс бар. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.