ПАВЛОДАР. 22 мамыр. Бұл жолсапар «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті Арман Есенжоловтың бастамасымен ұйымдастырылды. Бүл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Зейнеткер-металлургтерді танымдық экскурсиялар туры күтіп тұр. Олар Астананың барлық көрікті жерлерін аралай алды. Бұл сапарда ардагерлерді кәсіби экскурсия жүргізушісі мен медициналық қызметкер алып жүреді.
Акционерлік қоғам ардагерлеріне ерекше көңіл бөледі. Компания басшылығы төрт соғыс ардагерінің коммуналдық төлемақысын төлейді. Алдағы уақытта Астанаға тағы да 120 зейнеткер барады. Осындай сапар төрт рет ұйымдастырылады. Ардагерлер жазда «Кристалл» демалыс үйінде тегін дем алатын болады.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz