• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2015

Елбасы «Казкоммерцбанк» басшылығын қабылдады

333 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 мамыр. Мемлекет басшысы «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцманды, басқарма төрағасы Мағжан Әуезовті және директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесу барысында елдің банк жүйесін одан әрі дамыту келешегі, сондай-ақ, шағын және орта бизнеске «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, банктің директорлар кеңесінің құрамындағы соңғы өзгерістерге орай елдің ірі инновациялық қаржы институтын құру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттің жүзеге асырылу барысы қаралды. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.