• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Мамыр, 2015

Маңғыстауда республикалық суретшілер байқауы өтті

836 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 22 мамыр. Маңғыстауда республикалық «Каспий көкжиегі» атты суретшілердің пленэр байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған байқау Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Оған Астана, Алматы, Шымкент, Тараз және Ақтау қалаларынан 15 суретші қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде алматылық суретші Қабөке Оралбекке бұйырды. Соған сәйкес ол 200 мың теңге ақшалай сыйақыны иемденді. Бірінші орын (150 мың теңге) астаналық Асемкул Бейбітке, әрқайсысының жүлде қоры 100 мың теңгелік екі екінші орын Алматы қаласынан келген Бақыт Сейсенханұлы мен тараздық Дастан Оразахановқа бұйырды. Қазылар алқасының шешімімен, жеке жүлде қорлары 80 мың теңгені құрайтын үш үшінші орынның иегерлері алматылықтар Цой Светлана мен Алмас Нұрғожаев, сондай-ақ, жаңаөзендік суретші Асылбек Эзджанов болып танылды. Сонымен қатар, 50 мың теңгеден сыйақы тағайындалған «Үздік шығарма» номинациясына Астана қаласынан келген Жеңіс Молдабеков, шымкенттік шебер Мәмбет Уәлиев, Алматы қаласының суретшісі Ержан Танаев және астаналық Бақытжан Арипов ие болды. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығы (20 мың теңге) Мейіржан Есенов, Берік Сәрсенбаев, Жансая Киікбай, Жансая Кенжеғали секілді ақтаулық 4 суретшіге берілді. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz.