• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2015

100-ден аса диск тәркіленді

294 рет
көрсетілді

Атырау облысының полицейлері «Кон­тра­факт» жедел алдын алу шарасында заңсыз сауда айналымынан DVD түріндегі дискіні тәркілеп, зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады. «Шара барысында полиция қызметкерлері жасырын түрде пайдалану үшін аудио-бейне камерасы орнатылған сағат сатып тұрған азамат анықталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 399-бабы бо­йынша қылмыстық іс көтерілді. Сонымен қатар, порнографиялық белгілері бар 12 фильм жазылған 1 DVD дискіні сатып тұрған атыраулық тұрғынның үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабымен қылмыстық іс көтерілді. Бұдан бөлек 24 жастағы азаматтан 22 дана контрафактілі дискілер табылды. Тағы бір азаматтан дәл сондай 12 дискі саудалау кезінде тәркіленді. Бұлардың үстінен Қылмыстық кодекстің 198-бабымен қылмыстық іс қозғалып, олардың контрафактілі дискілерді қайдан алғаны тексерілуде. Криминалды полицияның жедел қызметкерлері зияткерлік меншік құқығын бұзған 8 фактіні анықтады. Олардың ішінде контрафактілі тауарларды заңсыз тарату, DVD дискілерді сату бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан 100-ден астам DVD дискіні тәркіледі» деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. Жолдасбек Шөпеғұл. «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.