• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2015

Білім беру биігінен көрінгендер

317 рет
көрсетілді

халықаралық медальмен марапатталды Көкшетау қаласындағы «Ал­тын бала» балабақшасының мең­герушісі Гүлжан Ержанова Сочиде өткен халықаралық педагогтар слетінен еліміздің абыройын көтеріп оралды. Ұстаздардың VІ халықаралық слеті мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының ІІ халықаралық слетіне қатысқан жерлесіміз саланы дамытудағы үздік көрсеткіштері мен озат тәжірибелері және бала тәрбиесіндегі тың әдістемелері үшін арнайы дипломмен, Алғыс хатпен, лауреат кубогы және Ха­лық­аралық білімді дамыту ака­демиясының медалімен марапатталды. «Мәскеулік кәсіпкерлер ассо­циа­циясының», Халықаралық білімді дамыту академиясының, қоғамдық ғылымдар академия­сының бастамасымен шақы­рылған халықаралық жиындардың мақсаты білім беру мекемелерінің деңгейін көтеру, ТМД аума­ғындағы білікті ұстаздардың кә­сіби шеберліктерін ұштау мен тәжірибелерін насихаттауды көз­дейді. Слет қатысушысы Гүл­жан Шахманқызын құттықтаға­ны­мызда, ол: «Балалар – еліміздің болашағы. Сәбилер жүрегіне кішкентайынан жақсылықты, елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұя­латып, үйрету парызымыз. Біздің ұжым ең мықты деген тәжірибиелі ұстаздардан тұрады, сондай-ақ, балабақшада әдіскер-тәрбиешілер, музыкалық жетекші, мейірбике, педагог-психолог, дене тәрбиесінің нұсқаушылары жұмыс істейді», деді. Балабақша тәрбиеленушілері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алады. Мұнда балалар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. №10 «Алтын бала» балабақшасы алдағы уақытта облыстық деңгейде педагогикалық тың жобаларды енгізудің тірек алаңына айналу бағытында жұмыс істейтін болады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.