Балалар мен жасөспірімдер сарайында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен педагогтарға құрмет көрсету рәсімі өтті. Бірқатар үздік мұғалім ұстаздық жолдағы ерен еңбектері үшін қала әкімінің, облыстық, қалалық білім беру департаменттері грамоталарын алды.
Сонымен қатар, «Үздік оқытушы-2015» қалалық байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Олардың ішінде: №37 гимназияның тарих пәні мұғалімі Куат Оразалин Гран-приді жеңіп алса, №3 мектеп-кешенінің орыс тілі пәні мұғалімі Мейрамгүл Жанасбаева бірінші орынға ие болса, ал екінші орынға №8 «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Майгүл Жексенаева шықты. №11 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Құралай Мұхамадиева үшінші орынды иеленді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.СЕМЕЙ.