Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесті. Жүздесушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономика саясатының басымдықтарын талқылады.
Р.Ахметов миссия өкілдерін Қазақстанды дамудың жаңа сатысына шығаруға және әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін бес институттық реформа – Ұлт жоспары, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы хабардар етті.
Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Хоссейн Самии Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық жағдайға баға берді.
Кездесу барысында, сондай-ақ, ақша-несие саясаты, банк секторы, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы мен еліміздің халықаралық қаржы ұйымдарымен және Халықаралық валюта қорымен ынтымақтастығы мәселесі де талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.