• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2015

Қаржы тиімді пайдаланылуы тиіс

255 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы қаралды. Құжатта бюджет жобасын та­ныстыру сипатын өзгерту арқы­лы бюджетті жоспарлау сапа­сын арттыру, мемлекеттік орган­дардың стратегиялық жоспар­ларының мақсаты мен нысаналы көр­сеткіштерінің бюджет шығыс­тарымен өзара байланысын кү­шейту көзделіп отыр. Комитетте заңнамаға толық са­лық төлеу мен көлеңкелі эко­номикаға қарсы іс-қимылды қам­­та­масыз ететін, декларациялауды өздігінен жүргізу көзделетін жеке тұлғалардың табыс­тары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша түзетулер де қаралды. Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Кон­сти­туциялық заңға, Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхаты бар адам­дарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді қарады. Одан басқа, Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Заң жобалары палатаның қарауына жіберілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.