• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2015

Түйе керуені бабалар ізімен жүріп өтеді

470 рет
көрсетілді

«Ұлытау» ұлттық та­ри­хи-мә­дени және табиғи қорық­­мұра­жайының директоры Бақтияр Қожахметов қуа­на ха­бар­лаған­дай, бұдан 16 жыл бұрын ұйымдас­тырылған «Ал­­­тай-Дунай» халық­аралық ар­хеоэтнологиялық экспе­ди­ция осымен 5-ші рет сапарға шы­ғуға дайындық үстінде екен бұл күнде. Ұлы Дала көш­пен­ді­лерінің ежелгі сенімді мініс кө­лігі – түйелермен жү­ріп өту ар­­қы­лы Байкалдан Бал­канға дейін­­гі Еуразиялық кеңістіктің байыр­ғы тарихи байланыстары мен бүгінгі қалыптасқан қа­рым-қатынасты жолай өңірлер жұрт­­­шылығына таныстыруға, та­нымдық үр­діс­терді кеңейтуге ар­налып, бел­­гілі зерттеушілерден, білікті сая­­хатшылардан, қоғам­дық ұй­ым­дар өкілдерінен құралған тү­йе керуені өз сапарын Алт­ай­­­­­­­­дан бастап, Мажарстан же­рі­­не тіремек көрінеді. Қазақ хан­­дығының 550 жылдығына орай Қазақстан мен Венгрия үкі­­меттері қолдауымен қайта жал­ғасын тапқан экспедиция мақ­саты ертеден аралас-құралас қоныстас елдер арасындағы тарихи ықпалдастыққа назар аудартып, тамырын тереңге тарту болып табылады.

Елдер тарихы ортақтығын дәріп­теуге, халықтар арасын­дағы ын­тымақтастық ымыраға дәнекер болуды мұрат еткен «Алтай-Дунай» экспеди­циясы сапарлары алдағы уақыттарда бұдан да алыс жерлерге ұласпақ.

Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.