АСТАНА. 5 шілде. Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты құттықтау жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Король VI Фелипе Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен шын жүректен құттықтады. Ол сондай-ақ, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени байланыстары оң үрдісте дамып келе жатқанына назар аударды.
Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген.
Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Мариано Рахой өз құттықтауында Қазақстан мен Испания екі елді ұзақ уақыттан бері байланыстырып келе жатқан достық қатынастарды алдағы уақытта да нығайта беретініне сенім білдірді.
Испания Үкіметінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке тіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.