• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2015

Cеріктестермен тәжірибе алмасуда

266 рет
көрсетілді

Бейжіңде Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов және Қытайдың мемлекеттік басқару ака­де­мия­сының вице-президенті Чэнь Баошен екі мекеме ара­сындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жөнінде, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары мен тетіктері жөнінде пікір алмасты. Тараптар мемлекеттік қызмет реформалары үшін ғылыми және академиялық қолдауды жүзеге асыратын, мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе мен білім алмасу бойынша халықаралық алаң ретінде әрекет ететін Өңірлік хабқа оң баға берді. Қытай Мемлекеттік бас­қару академиясының про­­фес­сор-оқы­тушылар құра­мы­ның қа­ты­суымен «Мемлекеттік қы­з­мет жүйесін реформалау жө­нін­дегі Қазақстан мен Қытай тәжі­ри­бесі» тақырыбында семинар өткі­зілді. Қытай өңірлік хабтың құрыл­тайшы елдерінің бірі болып табылады және оның іс-шараларына белсенді қатысып келеді. 2013 жылы құрылған сәттен бастап, өңірлік хабқа қатысушы елдердің саны 25-тен 31-ге дейін өсті. «Егемен-ақпарат».