• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2015

Қазақстан шахмат федерациясының президенті сайланды

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 шілде. Кеше Қазақстан шахмат федерациясының кезектен тыс съезі өтті. Басқосуда федерацияның президенті болып Ғалымжан Есенов сайланды. Бұл туралы аталған ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада: «Съезде Қазақстанның шахмат федерациясының жаңа президенті болып Ғалымжан Есенов сайланды. Ол Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым-білім қорының құрылтайшысы, «АТФ банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы», – делінген. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев атқарған еді. Ол шахмат федерациясының қамқорлық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Федерация президенті қызметінен бас тартуын министрліктегі жұмыс ауқымының артуымен түсіндірген министр өзінің Қазақстанда шахмат ойынының дамуына әрдайым барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
Соңғы жаңалықтар