• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2015

Қарағанды облысының әкімі меморандумға қол қойды

330 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 19 қазан. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Меморандум діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің дамуындағы зайырлы ұстанымдарды ілгерілету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын біріктіруге бағытталған. Құжатта облыс әкімдігіне әдістемелік көмек көрсету, радикалдық діни ағымдардағы адамдар арасында мақсатты алдын алу және сауықтыру жұмыстарын жүргізу және Үкімет пен әкімдіктер жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңестері жұмысының тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінген. Меморандумға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қол қойды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыс әкімінің баспасөз қызметі.