АЛМАТЫ. 19 қазан. Ресейдің «Трансаэро» авиакомпаниясы бүгіннен бастап 80 бағыттағы ұшу рейсін тоқтатады. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Оның арасында Қазақстанға қатысты да рейстер бар. Енді Мәскеудің Внукова әуежайынан Астанаға, Алматыға, Қарағандыға жолаушылар ұшағы ұшпайды. Сол секілді әуе лайнерлерінің кері бағытқа да жолы жабылды. Транзитті жолаушыларға Ресейдің өзге әуе компаниялары уақытша қол ұшын беретін болады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: lenta.ru.