• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2015

Ынтымақтастық аясы кеңиді

226 рет
көрсетілді

Кеше Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Дубай халықаралық қаржы орталығының бас судьясы Майкл Хванмен кездесті. Іс-шара еліміздің Ата Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Конституциялық Кеңес өткізіп отырған «Конституция: халық бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық-тәжірибелік конференция шеңберінде ұйымдастырылды. Әңгімелесу кезінде тараптар бұл кездесу екі елдің сот жүйесі арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруде маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында Қ.Мәми мәртебелі қонақты Мемлекет басшысының бастамасы бойынша алдағы уақытта жүзеге асырылатын «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау жайынан хабардар етті. Атап айтқанда, Астана қаласында халықаралық арбитраждық орталық құру мәселесіне айрықша тоқталды. Іс-шара қорытындысында тараптар Қазақстан Респуб­лика­­­сының Жоғарғы Соты мен Дубай халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту туралы уағ­даласты, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.