• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясының құттықтауы

353 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Еліміздің жасампаз жаңа дәуірінің басталуына негіз болған Ата Заңымыздың қабылдануы шын мәнінде тарихи маңызы зор қадам. 1995 жыл – Қазақстан үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды. Ассамблеяның құрылуы және оның бастамашылығымен өткен Бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы азаматтық қоғам мен мемлекет дамуының эволюциялық жолын айқындап берді. Бұдан 20 жыл бұрын біз мемлекетіміздің нығаюына, біртұтас еліміздің өсіп-өркендеуіне, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім және ел бірлігі үлгісінің қалыптасуына негіз қаладық. Бүгін біз тең құқықтар мен тең мүмкіндіктерге ие халықпыз, бейбітшілік пен келісім аясында өмір сүрудеміз. Біздің еліміз тұрақтылық пен татулықтың үлгісіне айналды. Біз басты мақсатымызға қол жеткіздік – көпэтносты халқымыз Қазақстанның стратегиялық ресурсы – біртұтас ел болып қалыптасты. Бірлігімізді бекемдеп, Конституция қағидаларына беріктікті негізге ала отырып, біз ауқымы бойынша теңдессіз «Баршаға арналған заманауи мемлекет» 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыруға кірістік. Бүгін біздің ортақ міндетіміз – Ата Заңға сүйене отырып, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру, еліміздің тұрақты дамуы мен оның әр азаматының әл-ауқатын арттыруға тиімді қол жеткізу. Қадірлі отандастар! Конституция күні – барша қазақстандықтардың мерекесі. Ата Заңның 20 жылдығы – Қазақстан халқының өміріндегі елеулі оқиға. Бұл мерейтойдың Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы өтуі ерекше қуанышты. Осы жыл, осы мерейтой Қазақстан халқының бірлігі мен өсіп-өркендеуінің жарқын көрінісі ретінде ел есінде сақталсын! Конституция күні құтты болсын, қымбатты жерлестер! Сіздерге мықты денсаулық, еліміздің өркендеуі жолында жаңа табыстар тілейміз! Үйлеріңізде әрқашан береке-бірлік, игілік пен молшылық болсын! Қазақстан  халқы  Ассамблеясының Кеңесі.