• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2015

Премьер-лигада қалу үшін тартыс қыза түсті

249 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 қазан. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 29-туры аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кеше чемпиондық атақ пен жүлделі орындарға таласып жатқан алғашқы алтылықтың ойындары ойналған болатын. Ол кездесулердің нәтижелерін мына сілтеме арқылы біле аласыздар. Ал бүгін премьер-лигада қалу үшін жанталасып жатқан екінші алтылықтағы командалар алаңға шықты. Маусым бойына соңғы орындардан көтеріле алмай келе жатқан Қарағандының «Шахтері» бұл турда Талдықорғанға қонаққа барып, жергілікті «Жетісумен» сынға түсті. Тартысты ойын нәтижесінде «кеншілер» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Осылайша, «Шахтер» турнир кестесінде 10-орынға көтеріліп, премьер-лигада қалу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал бұл алтылықта көш бастап келе жатқан «Тобыл» өз алаңында «Қайсармен» тең ойнаса, Көкшетауда өткен жергілікті «Оқжетпес» пен «Тараз» арасындағы кездесуде де жеңімпаз анықталмады. Қос матчта да есеп ашылған жоқ. «Жетісу» (Талдықорған) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:1 (0:0) Гол: Андрей Карпович 78. «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тараз» (Тараз) 0:0 «Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:0 29-тур ойындарының қорытындысы бойынша турнир кестесі Үздік мергендер: Жерар Гоу («Қайрат») – 22 гол; Лука Роткович («Оқжетпес») – 13 гол; Душан Савич («Жетісу»), Джордже Деспотович («Қайрат») – 10 гол. 30-тур ойындары 24-25 қазан күндері ойналады. Аталған турдағы қарсыластар төмендегідей: «Атырау» – «Ақтөбе» «Қайсар» – «Шахтер» «Оқжетпес» – «Жетісу» «Тараз» – «Тобыл» «Ертіс» – «Ордабасы» «Қайрат» – «Астана». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.