• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2015

Болашаққа бағдар

215 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат­шы­сы Гүлшара Әбдіқалықова Жапония Премьер-министрі С.Абэнің шақыруымен әйелдерге арналған «WAW! Tokyo 2015» атты бүкіләлемдік конферен­ция­ның екінші отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Токиоға келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттік хатшы Жа­по­ния Премьер-министрі С.Абэ­мен кездесті, сондай-ақ, Жапо­ния­ның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар ми­нистрі Х.Шимомурамен келіс­сөздер өткізді. Кездесуде тарап­тар Қазақ­стан мен Жапо­ния ара­сын­дағы мәдени-гума­нитар­­лық, сондай-ақ, спорт саласын­дағы ынтымақ­тастықтың даму перс­пек­тивалары жөнінде пікір алмасты. Г.Әбдіқалықова екі елдің жо­ғары оқу орындары мен ғылыми орталықтары арасындағы алмасуларды жандандырудың маңыз­дылығын айта келіп, академиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жапон ғалым­дарының біз­дің жетекші жоғары оқу орындары­на, сондай-ақ, Қазақстан ғалым­дарының Жапония ғылым және білім орталықтарына сапарларын ұйым­дастыруды ұсынды. Соны­мен бірге, мәдениет саласына қатыс­­ты қолданыстағы келісімді өзек­­тендіре түсуге ұсыныс жасалды. Жапонияның Әйелдер істе­рі, әкімшілік реформа және мем­лекеттік қызмет жөнін­дегі мемлекеттік министрі Х.Ари­мурамен кездесуде «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы, оның ішінде әкімшілік басқару мен мемлекеттік қызмет саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар әйел­дердің экономикалық белсен­ділігін ілгерілету мәселелерінде тәжірибе алмасуға дайын екен­діктерін білдірді. Х.Аримураны Мемлекеттік хатшы 2016 жылы өтетін Астана эконо­ми­калық форумының әйелдер көшбасшылығына арналған па­нельдік сессияға қатысуға шақырды. Жапонияның Экономика, сау­да және индустрия министрі Й.Миязавамен «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға байланысты жапон бизнесі үшін ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктері және жапон компанияларының ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месіне қатысу мәселесі тал­қыланды. Көрмедегі ең ірі павильон Жапониянікі болады деп жоспарлануда. Денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Я.Шиозакимен кездесуде медицина саласында байланыстар орнату, халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі Жапония тәжірибесін зерделеу, дәрі-дәрмек саласындағы ынтымақтастық мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова Жапо­ниядағы халықаралық ынтымақ­тастық жөніндегі агенттіктің және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Токиодағы өкілдігі басшыларымен кездесіп, KazAID-ті дамыту (дамуға ресми көмек) үшін өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың, елдің экономикалық саясатының дамуына талдау жасау үшін ЭЫДҰ-ның сараптамалық әлеуетін пайдаланудың мәселелерін талқылады. «Егемен-ақпарат».