ҚАРАҒАНДЫ. 19 қазан. Қарағанды облысындағы Нұра ауданында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары бірігіп жүргізген рейд нәтижесінде киік мүйізінің ірі көлмедегі партиясы тәркіленді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Браконьер» деп аталған жедел-сауықтыру шарасы барысында полиция қызметкерлері Баршын ауылының маңында күдік тудырған «Ауди» автокөлігін тоқтатып, тінту жүргізген. Тексеру барысында Ақмола облысының тұрғыны тізгіндеген автокөліктің жүк салғышынан 12-калибрлі аңшы мылтығы, киіктің 38 дана мүйізі және сойылған үш ақбөкен табылды.
Қазіргі таңда тиісті сараптама шаралары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.