• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2015

Қарағанды той құшағында

328 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 29 тамыз. Биыл кеншілер қауымының төл мерекесі Конституция күнімен тұспа-тұс келді. Яғни, Қарағанды қос мерекеге қызу дайындық үстінде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мерекеге арналған концерттердің ең үлкені орталық саябақта өтеді. «Әнім саған, Қарағанды!» ән конкурсы, «Молодые годы Караганды» ретро-концерті ұйымдастырылады. Кешкісін Қарағанды академиялық музыка театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері музыкалық комедия театрының жас солистері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, С. Сейфуллин атындағы драмтеатрда «Ғашықтың тілі» комедиясы қойылады. Сонымен қатар, хайуанаттар бағында мәдени бағдармаламалар, кәтпаханалар мен музейлерде көрмелер ұйымдастырылмақ. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін спорттық шаралар да қарастырылған. Конситутция күні «Қарағанды Арена» мұз айдыны сарайында тегін коньки тебу шарасы өтеді. Сондай-ақ, бұл күндері облыс орталығында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мерекелік той-думан 30 тамыз күні кешкісін отшашулармен түйінделмек. Содан кейін сағат 24.00-ге дейін жастарға арналған шоу-бағдарлама жоспарланған. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.