• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2015

Мемлекет басшысы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

280 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 тамыз. Елбасы Түрік Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты. Тараптар сондай-ақ түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды. Айдар Өрісбаев. Дерек, сурет: akorda.kz.