• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қарағандыда департамент бастығы орынбасарының пәтерін тонап кетті

270 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 қыркүйек. Қарағандыда департаменттердің бірінде бастықтың орынбасары болып қызмет ететін шенеуніктің пәтерін ұрылар үптеп кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Үйде ешкімнің жоқтығын білген ұрылар екінші қабаттағы пәтерге жеті қараңғы түнде балкон арқылы түскен. Кейін белгілі болғандай, ұрылар ноутбук, зергерлік бұйымдар, 245 мың теңге ақша, фотоаппарат, киім-кешек сияқты материалдық игіліктерді алып кеткен. Қолды болған заттардың жалпы құны 984 мың теңге болды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің кім екендігі анықталу үстінде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі. Сурет: tehnews.kz.