• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қостанайда «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі өтті (фото)

275 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 қыркүйек. Қостанайда «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесінің облыстық сатысының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Отандық өнімдердің сапасын көтеру мақсатында өткізілген байқау-көрмені облыс әкімдігі мен республикалық кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасының облыстық бөлімшесі -- Кәсіпкерлердің облыстық палатасы  ұйымдастырды. Көрмеге өз тауарының сапасына сенген 13 кәсіпорын қатысуға ұсыныс білдірді. Соның ішінде 8 кәсіпорын биыл бірінші рет бағын сынады.  Екі кәсіпорын республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысуға ниет білдіріп отыр.  Мысалы, «Еураз Каспиан Сталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы ғана жұмысын бастаған болатын. Оның өндірген металлилектерін облыстан сырт жерлер, шет елдер алып жатыр. Ауыл шаруашылығында «Каменьск-Уральск» жаупакершілігі шектеулі серіктестігі қымыз өндірісімен айналысады. Күніне 150 литр қымыз өндіріп, қаладағы бірнеше сауда орындарын қамтамасыз етеді. Байқау-көрменің аясында ғылыми-теориялық конференция өтіп, онда кәсіпкерлерге байқауға қатысуға құжат дайындау мәселелсі, кәсіпорындар өндірісін дамыту мәселелері қаралды. Соңында байқау қорытындысы шығарылды. Онда үш аталым бойынша кәсіпорындар арасындағы жеңімпаздар анықталып, оларға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.  «Үздік өндірістік тауарлар» аталымы бойынша бірініш орынды «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «Үздік азық-түліктік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орынды «Аян-Озат» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымының үздігі «СарыарқаАвто Пром» ЖШС деп танылды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz