• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қостанайда Конституция күніне арналған «Бірлік түні» өтті (фото)

390 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 қыркүйек. Қостанайдағы Достық үйінде Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне арналған «Бірлік түні» өтті. Онда этномәдени орталықтардың барлығы келушілерге есігін айқара ашты, дастархан жайып, қонақжайлылық білдірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Достық үйінің табалдырығында ұлттық костюм киген қыз бен жігіт келушілерді қарсы алды. Киіз үйде дастархан жаюлы тұрды. Ал залда микрофон қойылды, оған әр қостанайлық барып, қостанайлықтарды мерекемен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдіре алады. Келушілерге этномәдени орталықтарға кіріп шығу қызықты болды, олар ұлттық дастарханнан ауыз тиіп, диаспорасы Қазақстанда тұрып жатқан сол ұлттың тарихы мен дәстүрі туралы викториналарға жауап бергендерді сыйлықтар күтіп тұрды. Әзербайжан этноорталығының «Бірлік» жастар қанатының белсендісі Зүлфия Набиева: «Әзербайжандар барлық тәтті тағамды балға орап жасайды, ал ұлттық тағамы – палау. Палауды тойларда тартады, табақтың үстіне кесеге спирт құйып, оны тұтатады. Бұл оттың нышаны», деді. Достық үйіндегі барлық ұлттық орталықтар өздері туралы келушілерге ақпарат беруге тырысты. Жұрттың ол туралы білгісі келді. Қала тұрғыны Мақпал Сейдахметова: «Біз барлық этнгомәдени орталықтарда болдық. Көптеген сұрақтарға жауап беріп, сыйлық алдық. Ең бастысы көп нәрсе білдік, көңіліміз  байып қалды», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz