• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қостанайда күздің алғашқы жәрмеңкесі өтті (фото)

322 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 қыркүйек. Қостанай қаласында күздің алғашқы жәрмеңкесі өтті. Ол қаланың орталығында және тағы да екі шағын ауданда ұйымдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданынан диқандар мен шаруалар ет, картоп, көкөніс, сүт және сүт өнімдерін, бал әкелді. Сонымен қатар қалалардағы, Қостанай қаласының өзіндегі өңдеу кәсіпорындары мен сауда орындары да атсалысты. Биылғы күздің алғашқы жәрмеңкесінде 25 тонна ет, 45 тонна картоп пен көкөніс, 4 тонна өсімдік майы, 17 тонна қант пен жарма жеткізілді. Сонымен қатар, қалалықтар балық, құс еті, жұмыртқа секілді басқа да азық-түлік түрлерін жәрмеңкеден тапты. Оның бағасы да қостанайлықтарға бүйірден қысқан дағдарыс салқынын білдірмеді. Қостанай қалалық әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғизат Қаленов: «Жәрмеңкеге түскен азық-түліктер бағасы базардағыдан 20-30 пайыздай арзан болды. Мысалы, сиыр еті базарда 1200-1300 теңге тұрады, ал жәрмеңкеде қалалықтар оның келісін 800-900 теңгеден алды. Басқа азық-түлік түрлері үшін де арзан баға белгіленді», деді. Алдағы уақытта жәрмеңке облыс орталығында ырғақты өтіп тұратын болады. Онда азық-түлік түрлері де, көлемі де көбейе түседі. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz