• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2015

Белгілі жазушы Дидахмет Әшімхан қайтыс болды

503 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. Бүгін белгілі жазушы, қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімхан 65 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жазушымен қоштасу рәсімі ертең сағат 09:30-да Алматы қаласындағы Жазушылар одағының ғимаратында өтеді. Дүйсенбі күні туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына жерленеді. Дидахмет Әшімхан 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын туған өңіріндегі «Коммунизм туы» газетінде бастаған қаламгер «Лениншіл жас», «Қазақ пионері», «Қазақ әдебиеті», «Заман – Қазақстан» және «Түркістан» сынды газеттерде қызмет атқарды. «Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная падь», «Жер аңсағай сары атан», «Самырсын сазы» және «Әңгіме емес әңгімелер» атты бірнеше әңгімелер мен повестер жинағының авторы. Шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин және мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, жазушының өзі де өзге ұлттың белгілі қаламгерлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударды. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com.