• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Павлодарда Беларусь тауарларының жәрмеңкесі өтеді

286 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 1 қыркүйек.        Павлодарда Беларусь тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен Беларусьтің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовтың облыстық әкімдікте өткен кездесуінде жәрмеңкенің маңыздылығы айтылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 40 миллион АҚШ доллары көлеміне жетіпті. Өткен жылы Павлодардан Беларусь еліне 6 мың тонна алюминий жіберілген. Ал, бізге олардан машина, азық-түлік, техникалық жабдықтар жеткізіледі. Мысалы,, жергілікті «Ертіс-лифт» ЖШС-і «Могилевмашлифт» кәсіпорнымен бірлесіп, 200 лифт құрастырса, 42 лифт құрал-жабдықтары сатып алынған. Елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту маңызды. «Біз сіздерден қара және түсті металлургия өнімдерін сатып аламыз. Сондай-ақ,басқа да жобалар алдағы жоспарларда бар. Елдер арасындағы нарық шеңбері кең» , дейді Анатолий Ничкасов. Кездесуден соң Қанат Бозымбаев пен Беларусь елшісі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Елші облысқа жасаған жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесті, сондай-ақ «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінде болды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет: Валерий Бугаев.