• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Көкшетауда 260 ақмолалық марапатталды

174 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 1 қыркүйек. «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өттi. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мерекелік шарада Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған облыстың бiрқатар азаматтарына «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалiн және облыс әкiмiнiң алғыс хаттарын табыс еттi. Еске сала кетейiк, мұның алдында облыс әкiмдiгiнде аудандар мен қала әкiмдерiне, облыстық басқарма басшыларына, яғни 50 адамға «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» осындай медальдар табыстаған болатын. Жалпы, өңiрде 260 ақмолалық медальдармен марапатталып отыр. Салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде облыс әкiмi С. Кулагин бүгiнде бүкiл әлемнiң назары мен таңданысына бөленген бiздiң елiмiздiң биік жетiстiктерi Ата заңымыздың абыройлы шарапатында екендігін атап көрсетті. Жаңа оқу жылында өңір мектептерiнiң есiгiн 109 мың оқушы ашады,-деді ол. 2010 жылдан берi индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберiнде, 50 жаңа индустриалдық нысан ашылды, оларда бүгiнде 5,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Облыста «Қолжетiмдi баспана» бағдарламасы сәттi жүзеге асырылуда, оның аясында жуық болашақта 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлмекшi. Конституцияның мерейтойы қол жеткiзген жетiстiктерiмiздi бағалап қана қоймай, алға қойылатын жаңа мақсаттарды айқындауымызға, оған қол жеткiзуге бар күш-жiгерiмiздi жұмсауға жетелейдi. Сондай-ақ, осы күнi Конституцияның құрдастары мен «Қазақстанның үздiк тауары» байқауының жеңiмпаздарын марапаттау, алғаш рет мемлекеттiк қызметке алынып отырған 10 адамнан ант қабылдау рәсiмдерi өттi. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz