• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2015

Бокс. «Арландар» «Ресей бокс командасын» тас-талқан етіп жеңді

262 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» жартылай финалдағы алғашқы кездесуін өткізді. «Ресей бокс командасымен» (Russian boxing team) күш сынасқан «арландар» қарсыластарын 5:0 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бокс кеші Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтті. Жартылай финалдық бәсеке 2 жарыс күнінен тұратыны белгілі. Енді ертеңгі айқаста біздің кем дегенде бір боксшымыз жеңіске жетсе, «арландар» кезекті рет WSB жобасының финалына жолдама алады. Жартылай финалдың алғашқы күнгі айқасының нәтижесі төмендегідей. «Астана арландары» – «Ресей бокс командасы» 5:0 49 кг.: Теміртас Жүсіпов – Вадим Кудряков 3:0 (50:45, 50:45, 50:45). 56 кг.: Қайрат Ерәлиев – Андраник Григорян 3:0 (50:45, 48:47, 49:46). 64 кг.: Самат Бәшенов – Авак Узлян 3:0 (49:46, 48:47, 48:47). 75 кг.: Мейірім Нұрсұлтанов  – Сухроб Сидиков 3:0 (50:45, 50:45, 49:46). 91 кг.: Василий Левит – Виталий Кудухов DSQ R4 (Ресей боксшысы 4 мәрте ескерту алып, жекпе-жек тоқтатылды). Ертең мына боксшылар шаршы алаңға шығады. 52 кг.: Олжас Сәттібаев – Карен Арутюнян. 60 кг.: Закир Сафиуллин – Артур Субханкулов. 69 кг.: Данияр Елеусінов – Якуб Нуриев. 81 кг.: Нұрдәулет Жарманов – Эдуард Якушев. +91 кг.: Иван Дычко – Руслан Шамалов. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: instagram.com.