• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Қарағандыда кеншілер құрмет белгісімен марапатталды

326 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 қыркүйек. Кеншілердің кәсіби мерекесі қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір департаменті шахталарының 14 қызметкері І дәрежелі «Шахтер даңқы» құрмет белгісімен марапатталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соынмен қатар, алпауыт компанияға қарасты көмір департаменті шахталарының және кәсіпорындарының 1,5 мыңнан астам қызметкері түрлі наградаларға ие болды. Салтанатты жиыннан кейінгі мерекелік концертте кеншілер қауымының алдында жергілікті және қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Сондай-ақ, 80-ші жылдардағы белгілі неміс тобы «Шыңғысхан» (Dschinghis Khan) да ән шырқады. Шахтерлер мерекесі өңірдің Сәтбаев, Жезқазған және Балқаш қалаларында да өз деңгейінде тойланды. Компанияның еңбектегі озат  қызметкерлері марапатталып, жұмыс бабында қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен қызметі салдарынан мүгедек болып қалған жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетілді. Кенілер күні мерекесі жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде тойланады. Қайрат Әбілдинов. Сурет, дерек: egemen.kz.