АСТАНА. 23 мамыр. Берлин тұрғыны 65 жастағы Аннегрет Рауниг төртем босанды. Ол бұған дейін 13 баланы өмірге әкеліп, батыр ана атанған болатын. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Аннегрет Рауниг жасының ұлғайғандығына қарамастан 3 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Сәбилердің салмағы 655 – 960 грамм болса, бойлары 30 – 35 сантиметр аралығында. Қазір олар дәрігердің қатаң бақылауында.
Көп балалы ана өзінің төртемін 26 апта жүктілік мерзімінде босанып отыр.
Бүгінде Рауниг құрсағынан шыққан 13 баладан 7 немере сүйіп отыр. Ол: «Менің 10 жастағы кенже қызым Лёле өзіне іні керектігін айтты. Сосын мен қызымның ұсынысын қабыл алдым. Көріп отырғандарыңыздай енді Лёленің 3 інісі, 1 сіңлісі бар», – деді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: lenta.ru.