• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2015

Мереке күні «Шахтердің» мерейі үстем болды

316 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 1 қыркүйек. Қарағанды қаласында Кеншілер күні мерекесіне орай жергілікті «Шахтер» және теміртаулық «Болат» командаларының ардагер футболшылары арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тартысты өткен ойында қарағандылықтардың мерейі үстем болды. Теміртау командасының қақпасына екі голды «Шахтердің» бұрынғы экс-директоры, қазіргі уақытта Қазақстан Футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің директоры Асқар Әбілдаев пен Мұрат Асылбаев соқты. Сондай-ақ, «Шахтердің» құрамында жасыл алаңға кеншілердің бұрынғы бас бапкері Владимир Чебурин, клубтың атқарушы директоры Сергей Егоров және спорттық директоры Игорь Солошенко шықты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.