• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2015

Балабақшадағы Монтессори әдісі

1559 рет
көрсетілді

Оны облыстағы оқу үдерісіне кіргізетін мезгіл жеткен сияқты Алдымен құлағымызға таңсық естілетін Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі жайлы бірер сөз. Әр баланың жеке тұлғалық қасиетін өзіндік ырғақта дамытуға негізделген әдістемені италиялық педагог Мария Монтессори ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ойлап тауып, көпшілікке ұсынған. «Алтын бесік» балабақшасының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Оның меңгерушісі Мәдина Дарбаева Ресейдің Омбы қаласында өткен конференция кезінде жаңашыл бас­тамаға ерекше қызығушылық та­нытқан. Уақытының тығыздығына қарамастан Монтессори жабдық­та­рын шығаратын фабрикаға барып, сатып алуға келіскен. Жаңа әдіс­темені меңгерген мектепке дейінгі меке­мелердің тәжірибесімен танысып, көрнекі оқу құралдарын ала келген. Жуырда балабақшаға Монтессори кәсіпорнының директоры Александр Волошин арнайы келіп, шетелдік тәрбиенің ерекшеліктері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Фабрика 22 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда балдырғанның ойлау қабілетін, есептеу жылдамдығын, басқа да тұлғалық қасиеттерін да­мытуға арналған 60-қа жуық ойын­шық болса, бүгінде олардың саны 700-ден асып жығылады. – Бұл әдістің дәстүрлі тәрбиеден артықшылықтары көп. Көптеген елдерде қолданылады. Ресей мен Қазақстанға да енгізілуде,–деді Алек­сандр Васильевич ата-аналармен, тәрбиешілермен кездесуде. Облыста алғаш қолданылғанына қара­мастан балабақша қызмет­кер­­лерінің біраз тәжірибе жинақ­тап қалғаны аңғарылады. 1 миллион теңгенің жабдықтары орна­тылған Монтессори кабинетіне тәр­биеленушілер құлшына келетін көрі­неді. Монтессори кабинетінде сабақтардың қызықты да мазмұнды ұйым­дастырылатынына біз де куә бол­дық. Балақайдың өз қалауымен таңдау жасауына, бір-бірін сыйлау мүмкіндіктеріне жол ашу Монтессори жүйесіне тән сипаттардың бірі ме деп қалдық. Біз балабақшаға бас сұқ­қанымызда мұғалім Айгерім Шәрі­пова бүлдіршіндерге математика пәнінің заңдылықтарын және жанартау лавасымен тәжірибе жасауды үйретіп жатыр екен. Ал, жас тәрбиеші, қалалық сайыстың жүлдегері Әсем Қабдолованың Монтессори педа­гоги­касының элементтерін ересек топтарда сауат ашу сабағында қол­дануы құптарлық. Оның тобында тәрбиеленген Мәдина Сәкен 1-сы­ныпқа арналған тест тапсырмаларын орындауда ең жоғары ұпай жинаған. Әділ Қаныбек есімді азамат екі ұлы­ның Монтессори кабине­тіне барғалы жан-жағындағы құбы­лыс­тарды, заттарды білуге, зерттеуге де­ген құлшыныстарының артқанын, көп нәрсені ата-ананың көмегінсіз атқаратынын сүйсіне жеткізді. Олай болса, балабақшадағы Монтессори жүйесін өңірдегі білім беру мекемелеріне де ұсынсақ, ұта­рымыз көп. Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ, журналист. Петропавл.