• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2015

Сән көрсетілімі сана сергітті

472 рет
көрсетілді

Шығыс өңірінде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер ара­сын­да сән көрсетілімі өтті. Көр­се­ті­лімде 9 эксклюзивті модель ұсы­ныл­ды. Олардың ішінде кең­се мен арнайы кештерге және күн­делікті кию­ге арналған киім­дер бар. Ұйымдастырушылар ди­зай­нерлердің киімдерді мүм­кіндігі шек­теулі жандарға лайық­тап, арнайы тіккенін айтады. Сән көрсетілімі ха­лық­аралық мүгедектер күніне орай «Ке­дергісіз келешек» жо­басының шеңберінде ұй­ымдастырылды. Шара барысында модельдер мерекелік кештер мен ресми кездесулерге арналған киімдер легін ұсынды. Арнайы аяқкиімдер Өскемен қаласындағы протездік-ор­топедиялық ор­талықтың қол­дауымен көрсе­тілімнің әр қаты­сушына жеке тігілген екен. Бұл кешке 30 көпбалалы ана шақырылып, оларға «Рай­ская птица» сұлулық және ден­саулық орталығының қыз­метін тегін пай­далануға ар­налған або­не­менттік карточкалар сыйға тар­тылды. Со­нымен бірге, аталған шараға Өскемен, Рид­дер қалалары мен Ұлан, Глу­бокое, Зайсан, Ше­монайха, Бес­қарағай аудан­­да­рынан келген 73 мүм­кіндігі шек­теулі бүлдіршін қатысты. Кеш со­ңында олар­ға облыстық драма теат­ры әртістерінің қатысуымен «Кот в сапогах» атты балалар спектаклі қойылды. Айта кет­кен абзал, аталған шара­ны облыстық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағ­дар­ламаларды үйлестіру бас­қар­масы мен «Нұр Отан» пар­тия­сының облыстық филиалы ұйымдастырды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.