• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2015

Астанада мерекеге орай бір қазанға 750 кг.-ға жуық ет асылды (фото)

413 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 шілде. Бүгін Астанада елорда күніне орай салмағы 746 кило тартатын ет дайындалды. Бұл әлем бойынша бір мезетте ең көп мөлшерде дайындалған бесбармақ ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қаладағы «Ғашықтар» саябағында «Тайқазан» деген атпен өткен шараны Қазақстан халқы ассамблеясы, Қазақ географиялық қауымдастығы және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Ұлттық тағамды дайындау үшін 500 кг. ет, 300 кг. пияз және 300 кг. ұн сатып алынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның бәрі бірдей пайдаланылмаған. Себебі, дайын өнімнің өзі Гиннесс кітабының талаптарын орындау үшін жеткілікті болды. Нәтижесінде Түркиядан арнайы келген аталған кітаптың өкілдері «Елдің басты ұлттық тағамын әзірлеу» деген атаумен бұл етті рекордтар қатарына қосты. Талаптарға сәйкес, тағам тек дәстүрлі тәсілмен бір қазанда дайындалуы қажет болғанын айта кетейік. Аспаздар құрамы 25 адамнан тұратын еттен келушілер дәм татып өз бағаларын берді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: astana.gov.kz.