АҚТАУ. 24 мамыр. Каспий теңізінде 26 жастағы Ақтау тұрғыны суға батып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған lada.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын Форт-Шевченко қаласынан жүз жақырым жердегі шығанақтардың бірінде болған. Құқық қорғау органдары таратқан мәліметтерге қарағанда, шомылмақшы болған жас жігіт суға батып кеткен. Құтқарушылар марқұмның денесін тауып, судан шығарды.
Оқиғаның өзге жай-жапсары әлі де белгісіз. Бүгінгі таңда құқық қорғау қызметкерлері қайғылы жағдайдың анық-қанығын анықтауда.
Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қала тұрғындары мен облыс қонақтарынан суға шомылу кезінде сақ болуларын сұрайды. Мамандар теңіз толқынды болғанда алысқа жүзбеу керектігін, сондай-ақ, мас күйде суға түсуге болмайтынын қатаң ескертеді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.