• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2015

Бокс. «Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты

374 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 мамыр. Дәл қазір Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалы өтуде. Соның аясында «Астана арландары» Ресей боксшыларын қабылдауда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кеше өткен бірінші жарыс күнінде боксшыларымыз қарсыластарын 5:0 есебімен жеңгені белгілі. Ал бүгінгі кездесудің алғашқы жекпе-жегінде 52 кг.-да бақ сынаған Олжас Сәттібаев командамызға 6-шы ұпайды алып келді. Ол қарсыласы Карен Арутюняннан 3:0 (49:46, 48:47, 49:46) есебімен басым түсті. Нәтижесінде «арландар» жалпы есепті 6:0-ге жеткізіп, мерзімінен бұрын финалға жолдама алды. Шешуші сында Марат Жәкиев жаттықтыратын боксшыларымыз Кубаның «Куба домадорес» командасымен кездеседі. Өз кезегінде кубалықтар Мексика командасын жалпы нәтиже бойынша 10:0 есебімен жеңген болатын. Бүгінгі бокс кешінде тағы мына боксшылардың жекпе-жегіне куә боламыз. 60 кг.: Закир Сафиуллин – Артур Субханкулов. 69 кг.: Данияр Елеусінов – Якуб Нуриев. 81 кг.: Нұрдәулет Жарманов – Эдуард Якушев. +91 кг.: Иван Дычко – Руслан Шамалов. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: worldseriesboxing.com.